Аудандық қазынашылық басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

(3 Votes)

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің 2020 жылы 30 қарашадағы №Ж-602 бұйрығына сәйкес, Аделя Ризабекқызы Нұрмағанбетова Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Атырау облысы бойынша Қазынашылық департаменті Құрманғазы аудандық қазынашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Атырау облысы Қазынашылық департаменті басшысының орынбасары Бақытжан Жұптыбаев «ZOOM» платформасы арқылы байланысқа шығып, бұйрықпен таныстырды. - Нұрмағанбетова Аделя Ризабекқызы 1981 жылы 13 маусымда Атырау облысы, Теңіз ауданы, Ганюшкин селосында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 2002 жылы Х.Досмұхамедов атындағы

Атырау мемлекеттік университетін экономист-финансист мамандығы бойынша бітірген. Алғашқы еңбек жолын аудандық қазынашылық бөлімінде бас маман-бас қазынашының міндетін атқарушы болып бастап, 2003-2004 жж. сол бөлімнің бас маман-бас қазынашысы қызметін атқарады. 2003-2005 жж. Төлемдерді бақылау, бекіту және қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету секторының бас маман-бас қазынашысы болады. 2005-2006жж. сектор меңгерушісі, 2006-2007 жж. бас маман-бас қазынашы, 2007-2008 жж. бөлім бастығының орынбасары, 2008-2013 жж. басқарма бастығының орынбасары, 2013 жылдан күні бүгінге дейін басқарма басшысының орынбасары қызметін абыроймен атқарды,-деп жаңа қызметімен құттықтап, басқарма жұмысын жандандыруды тапсырды.

Аудан әкімі Қайрат Нұртаев, аудан әкімінің орынбасары Жандос Бектемиров жаңа лауазым иесіне қызметіне лайықты деп оң бағасын беріп, алдағы жауапты жұмысына сәттілік тіледі.

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521