Аудандық «Атамекенде» – жаңа директор

(0 Votes)

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалы жанындағы аудандық кеңестің отырысында оның төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Бержан Кенжебаев палатаның қызметкерлерді басқару департаментінің директоры Л.Жайықбаеваның бұйрығымен аудандық филиалдың директорлығына Нұрдәулет Дәреловтің жұмысқа қабылданғанын, оның кандидатурасы облыстағы әңірлік кеңесте де мақұлданғанын хабардар етті.

Сондай-ақ, Нұрдәулет Таңатарұлының жоғары білімді «кеден ісі» және «заңгер» мамандықтарының иегері, бірнеше жыл кеден және мемлекеттік қызмет саласында жемісті еңбек етіп, біраз тәжірибе жинақтағанына тоқталды. «Кез келген өңірдің, тұтастай мемлекеттің экономикалық әл-ауқатын көтеретін осы  кәсіпкерлік сала. Сондықтан орта және шағын бизнесті дамыту, кәсіпкерлерге қолдау көрсету, құқығын қорғау, оларға бағыт-бағдар беріп отыру – палатаның басты міндеті» дей келе осы жолда жаңа басшыға белсенділік таныту, нәтижелі еңбек ету қажеттігін қаперіне берді.

b

Кеңес мүшесі, аудандық мәслихат хатшысы Болат Жүгінісов аудан әкімдігімен, аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімімен тығыз қарым-қатынас орнатып, саланың дамуына жаңаша серпін әкелуге тілеулестігін білдірді. Жеке кәсіпкер, депутат Гаухар Болатбаева бұған дейін бұл қызметті атқарған Ұлыбек Тағанхожаұлының өте жақсы жұмыс атқарғанын, тек әлемдік пандемияның салқыны, одан кейінгі марқұмның өз денсаулығының сыр беруі оның ойына алған мақсаттарын жүзеге асыра алмай кеткендігін айтып өтті. Жеке кәсіпкер Мерғали Ғабдушев, шаруа қожалығының жетекшісі, депутат Есболат Құбашев кәсіпкерлікті жандандыру бағытындағы ойларын ортаға салып, жаңа директордың жұмысына сәттілік тіледі.

 

Айбек НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521