АУДАНДАҒЫ ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

(0 Votes)

Құрманғазы ауданында жергілікті маңызы бар 516,2 шақырым жол орналасқан. Оның ішінде облыстық маңызы бар жол – 330,2 шақырым, аудандық маңызы бар жол – 186,0 шақырым. Қазіргі таңда, аудан бойынша автомобиль жолдарын қайта жаңғырту бағытында жобаларға құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

 ✔️Аудандық маңызы бар «Ақкөл – Қызылоба – Жыланды – 4 разъезд - Қиғаш» автомобиль жолын реконструкциялау.

✔️Ақкөл ауылының ауылішілік автомобиль жолдарын тротуарымен қоса қайта жаңғырту.

✔️Хиуаз (Дәшін) ауылына кірме жол, ауылішілік жолды тротуарымен қоса қайта жаңғырту жұмыстары. Қазіргі таңда, жобаға түзету (корректировка) жұмыстары жүргізілуде.

✔️Орлы ауылына кірме жол, ауылішілік жолды тротуарымен қоса қайта жаңғырту жұмыстары. Қазіргі таңда, жобаға түзету (корректировка) жұмыстары жүргізілуде.

✔️ Құрманғазы ауданы Еңбекші ауылдық округіне қарасты Жұмекен ауылының (2 кезең) 6,258 км және Дәулеткерей ауылының 4,435 км ауылішілік жолдарын тротуармен қоса қайта жаңғырту жұмыстары. Бұдан бөлек 5 жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар жасақталуда.

✔️«Атырау облысы Құрманғазы ауданы Кудряшов ауылының ауылішілік жолдарын тротуармен қоса қайта жаңғырту жұмыстары;

✔️«Атырау облысы Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылының (2 кезең) ауылішілік жолдарын тротуармен қоса қайта жаңғырту жұмыстары;

✔️«Құрманғазы ауылдық округі Құрманғазы ауылына қарасты «Шипажай» мөлтек ауданы мен «ПМК» мөлтек аудандарын қосатын, «Шарон» өзені арқылы өтетін көпір құрылысын салу үшін ЖСҚ жасақталуда;

✔️Атырау облысы Құрманғазы ауданы Азғыр ауылдық округі Балқұдық, Сүйіндік ауылдық округі Сүйіндік, Асан ауылдық округі Асан ауылдарына кіреберіс және ауылішілік жолдарын тротуармен қоса қайта жаңғырту жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттама жасақталуда.

✔️Атырау облысы Құрманғазы ауданы Қиғаш өзені арқылы Жасталап – Көптоғай ауылдарын қосатын кірме жол және автомобиль көпір құрылысын салу жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттама жасақталуда. 2025 жылға 3 нысан бойынша 27,8 шақырым ауылішілік автомобиль жолдарын жаяу жүргіншілер тротуарларымен бірге қайта жаңғырту жұмыстары жоспарланған.

✔️ Алға ауылының 8,6 шақырым ауылішілік жолдарын тротуармен қоса қайта жаңғырту»;

✔️Еңбекші ауылдық округіне қарасты Қадыр елді-мекенінде 7,2 км кіреберіс және ауылішілік жолдарын тротуармен қоса қайта жаңғырту жұмыстары;

✔️Жыланды ауылының 12 км ауылішілік жолдарын тротуармен қоса қайта жаңғырту жұмыстары ​Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу Заңына сәйкес, мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жариялауға құжаттар дайындалуда.

Фотосурет архивтен.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT