Ауданда жаңа өндіріс орны ашылды

(0 Votes)

Құрманғазы аудандық мәслихатының депутаты Б.Утегеновтың жеке қабылдауында болған Б. азамат өзінің қолға алған бизнес-жобасын кеңейту мақсатында мемлекеттен берілетін қаржылай қолдауға қол жеткізгісі келетіндігін айтқан.

Осы мақсатта аудандық мәслихат депутаты кәсіпкерлікті қолдау саласындағы уәкілетті орган басшыларына және Құрманғазы ауылдық округі әкіміне жолықты. Аталған мәселе бойынша 2023 жылдың 31 мамыр айында Құрманғазы ауылдық округі әкімі А.Муса, Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Н.Төлепов, аудандық мәслихат депутаты Б.Утегенов, Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының Құрманғазы аудандық филиалы директоры Н.Дарелов өндіріс орнында болып, шығарылып жатқан өніммен жақын танысты.

Қазіргі таңда жаңа өндіріс орнында 7 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Өндірістің қуаттылығы күніне 300 дана тас шығарады. Күні бүгін тапсырыс берушілердің тапсырысына байланысты өнімді дайындап, шығаруда. Аталған кәсіп ауданда бірінші рет қолға алынған жоба. Құрылыс материалының ерекшелігі қыс мезгілінде жылылық ұстайды, жаз айларында ыстық өткізбейді.

Күні бүгін шикізатты Қазақстанның басқа аймақтарынан алдыртып отыр. Алайда, тасқа қосылатын негізгі қоспасы қалқанды осы жерден өндіруде. Қазіргі таңда мемлекеттің ұстанып отырған саясаты - шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін өндіріспен, өңдеумен және қайта өңдеумен айналысуға шақыруда, соған басымдық беруде. Себебі, біз басқа елдің тауарына тәуелді болмай, өз қажетімізді іштен өндіруіміз керек. Кәсіппен айналысатын адамға бизнес идеясын жүзеге асыруға өңірде толық мүмкіндік бар.

Тек сол ойға алған жобасына сенімділік пен шыдамдылық болса, нәтижесі болатыны сөзсіз. Біз өз тарапымыздан кәсіп иесіне мемлекеттен берілетін қайтарымсыз гранттар, жеңілдетілген пайыздық несие, әлеуметтік қызметкердің жалақысын субсидиялау туралы түсінік беріп, бұл мүмкіндіктерді алуға көмектесетінін жеткізді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521