Құрманғазы ауданында аудан әкімшілігі мен аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен 25 қазан Республика күніне орай ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Аталған мерекелік жәрмеңкеге аудан әкімі Абат Жанғалиев қатысты. Мерекеге орай ұйымдастырылған жәрмеңкеге жергілікті аудан кәсіпкерлері ет, балық өнімдерімен қатар кондитерлік өнімдерін де ұсынды.
Сиыр еті - 2200, жылқы еті -2250, ал, балық өнімдері келісі 250 теңгеден саудаланды.