Ауданда әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті

(0 Votes)

Аудан әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия төрайымы, аудан әкімінің орынбасары Гүлнар Хасанова күн тәртібімен таныстырды. Алдымен аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі басшысының міндетін атқарушы Зоя Жагпарова «Ауыл әйелдерін кәсіпкерлікке тарту, отбасы бизнесін дамыту» туралы баяндады.

– Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1060 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2025» беизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру 2021 жылдың 23 қыркүйек-1 қазан аралығында конкурс өткізілді. Нәтижесінде оған 17 кәсіпкер өз жобаларын ұсынып, 9- ының (оның ішінде әйел кәсіпкерлер - 5) бизнес жобалары мақұлданды. Жалпы құны 25,5 млн. теңге (оның ішінде әйел кәсіпкерлер бойынша 14,5 млн. теңге) грант ұтып алынса, оның мөлшері 55,5 пайызды құрап отыр. Грант ұтып алған жобалар тігін цехын ашу, ірімшік өңдеу, кондитерлік өнімдер өндіру, фитнес орталығын ашуды жоспарлауда. Күні бүгін тігін цехы мен фитнес орталығы тұрғындар игілігіне жұмыс жасауда.

2022 жылдың 5 айының қорытындысымен 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға күні бүгін 65 жеке тұлға (оның ішінде әйел кәсіпкерлер бойынша 36 жоба) бөлімге жолығып, жан-жақты түсіндіру қолдау шаралары жүргізілді. Қазіргі таңда грант өткізу бойынша ашық конкурс жарияланып, құжат қабылдау мерзімі белгіленді, - деді.

«Әке болу институтын қолдау және дамыту жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру» жөнінде аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Б.Әнесов хабарлама жасады. Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Р.Нәсибуллаев өткен жылғы мен биылғы 5 айда 10 адамға қатысты неке бұзу тіркелгенін қаперге беріп, жалпы бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерден хабардар етті. Аудандық жастар ресурстық орталығы басшысының міндетін атқарушы А.Есқабылова жастар арасында отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша іс-шаралар туралы  айтты. Отырысты қорытындылаған комиссия төрайымы Г.Хасанова «Тәуелсізідік жылдары елімізде отбасы институтын нығайтуға, әйелдердің құқықтары мен экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге, ана мен баланы қорғауға қатысты бастамалар көтеріліп, оны дамыту қолға алынып келеді. Отбасы құндылықтарын сақтап, оны нығайту еліміздің дамуына әсер етері сөзсіз. Өйткені тек бақытты отбасы елдің бірлігі мен берекесінің тірегі бола алатыны ақиқат. Тек бірлігі жарасып, берекесі келіскен ел ғана  жетістікке жетері сөзсіз» деді.

 

 

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT