Құрметті Құрманғазы ауданының тұрғындары!
Аудан бойынша I топтағы мүгедектігі бар ересек адамдар мен балаларға арналып инватакси қызметі іске қосылғанын хабарлаймыз.
Инватакси қызметін пайдалану үшін, келесі құжаттар керектігін қаперлеріңізге береміз:
1) Жеке куәлік көшірмесі
2) Мүгедектігі бар адамның анықтамасы
3) 026 үлгі форма (аурухананың анықтамасы)
Құжаттың түпнұсқасын өзіңіз немесе жеке көмекшіңіз арқылы төмендегі мекен жайға тапсыру сұралады: Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, Болашақ 40 көшесі, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ғимараты.
Тасымалдау жұмыстарына тапсырыс беру үшін мына нөмірге хабарласуыңыз сұралады: Cаll-центр : +77786541566 (Содан кейін 3 цифрасы басылады)
Анықтама үшін: Инватакси қызметі аудан бойынша 16 ауылдық округке қатынайды. Көліктер 4 және 6 жолаушыға арналған. Азғыр бойы өңірі әзірге жоспарға енгізілмеген.