Ауданда эпидемиологиялық ахуал тұрақты

Рейтинг: 0 / 5

Елдегі пандемиялық ахуалға байланысты аудан әкімдігінің аппарат мәжілісі онлайн форматта өтті.

Аудан әкімі Қайрат Нұртаев төрағалық еткен  жиналысқа Атырау облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Амантай Жұмағалиев, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім және мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері бейнеселекторлық режимде қосылды. Қайрат Талапұлы күн тәртібімен таныстырғаннан кейін «2020 жылдың қорытындысымен ауданда қалыптасқан санитарлық-эпидемиологиялық ахуал туралы» Құрманғазы аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Карл Отаров баяндама жасады. – Ауданда 2020 жылы санитарлық эпидемиологиялық ахуал коронавирус инфекциясынан басқасы бірқалыпты болды. Жұқпалы аурулардан асқынулар тіркелген жоқ. Жіті ішек аурулары 17, қызылша 9 жағдайға, желшешек 4,2 есеге, ЖРВИ 48,9 пайызға төмендеді.

ҚР ӘҚБтК 425 бабының 1 бөлігімен, 802 бабымен санитарлық-эпидемиологиялық қағида талаптарының орындалуын қамтамасыз етпеген 50 тұлғаға әкімшілік шара алуға қаулы шығарылып, 2 999 445 теңге айыппұл салынды. Оның 28-і карантиндік шектеулерді сақтамаған азаматтарға толтырылды.

Өңірдегі 32 мектеп, 1 мектеп интернат ағынды сумен қамтылды, кәріз жүйелері жүргізіліп, ішкі әжетханалар іске қосылды. Күрделі жөндеуді 4 білім беру мекемесі қажет етеді. Олар: Бірлік ауылындағы 1989 жылы салынған С.Имашев жалпы орта мектебі, 2009 жылы құрылысы жүргізілген Ғ.Мүсірепов жалпы орта мектебі, Үштаған ауылындағы Құрманғазы атындағы орта мектеп жанындағы жатақхана, Теңіз ауылындағы 90 орындық балабақша. Есептегі 22 балабақшаның 14-і типтік жобада салынған, 8-і бейімделген ғимаратта орналасқан. «Сүйіндік», «Бүлдіршін», «Асылай», «Боташым», «Нұрбөбек» балабақшаларында ағынды су жоқ. 

А.Шакупова

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика