Ауданда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

Рейтинг: 0 / 5

Жастарды жұмысқа орналастыру мақсатында ауданның жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ұйымдастыруымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.

Оған жұмыс іздеп жүрген 98-ға жуық азаматтар қатысып, жұмыс беруші мекемелердің өкілдерімен еркін сұхбат құрып, сұрақтарына жауап алып, түйіндеме тапсырды. Күні бүгін олардың арасынан 10 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді.

Тұрғындардың жұмысқа орналасуына көмектесу мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңкеге ауданның жұмыс берушілерінен басқа облысымызда орналасқан «Capital Complex Catering” мекемесі қатысып, асханада жұмыс жасауға ниет білдіргеннің түйіндемесін қабылдады. Мекеменің өкілі Ахметов Мерей айтуынша, өңірде асхана саласында жұмыс жасауға жастардың белсенділігі төмен. Жәрмеңкені ұйымдастыру барысында жұмыссыз жүрген әйел адамдарды қатысуға шақырылды. Алайда, барлығы қатысқан 103 адамның 8 әйел адам. Барлығы жәрмеңкеге 139 бос жұмыс ұсынылды. Келесі жәрмеңке мамыр айына жоспарланып отыр.

Құрманғазы ауданның жұмыспен қамту,

әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика