АУДАНДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

(0 Votes)
Бүгін Құрманғазы ауданында Ауылшаруашылығы қызметкерлері күніне орай аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік-туризм бөлімінің ұйымдастыруымен жәрмеңке өтті.
Аудан орталығында өткен жәрмеңкеге 10-ға жуық жеке кәсіпкерлердің мал азығы,қой, ет, балық, сүт өнімдері ұсынылды.
 
Айта кетсек, таң сәріден жәрмеңкеге ағылған аудан тұрғындарының қарасы қалың болды. Себебі, азық-түлік өнімдері базардағы бағадан төмендетілген бағамен сатылып жатты.
3
 
Аталмыш жәрмеңкенің жұмысымен арнайы аудан әкімі Марат Бисенғалиұлы танысып, халық тұтынатын тауардың сапасы мен бағасын бақылап қайтты.
 
316086019_1741552689558435_5166769032476780429_n
Кәсіпкерлермен дидарласқан аудан әкімі мұндай жәрмеңкелер тек мерекелерге орай емес, демалыс күндері де ұйымдастырылып тұрса, кәсіпкерлердің белсене қатысуларын сұрады.
 
Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT