Ауыл шаруашылығы аудан экономикасының негізгі саласы болып табылады.
Сондықтан, ауыл еңбеккерлерінің кәсіби мерекесін кең көлемде атап өту оларға көрсетілген ерекше құрмет екені белгілі. С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Еңбектен береке тапқан ерендер» атты салтанатты шара өтті.
Аудан әкімі Марат Мурзиев мерекелік тілегін жеткізіп, Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы үздігі» төсбелгісімен шаруа қожалығының басшысы Семен Жалғасты, ҚР Кәсіподақтар федерациясының алғыс хатымен «Каспий балық» ӨК төрағасы Жұмажан Шакуповті, ҚР ауылшаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының «Елеулі еңбегі үшін» медалімен «Е.Құбашев» шаруа қожалығының басшысы Есболат Құбашевті, аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің маманы Нұрболат Тілепбергеновті, «Ш.Сүлейменов» ЖШС директоры Сайлау Жұбанышевті, Құрманғазы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мекемесінің директоры Әлібек Сатылғановты, «Алғаязов С», «Темиров Х» шаруа қожалықтарының жетекшілері Серік Алғаязов, Хамидолла Теміровті марапаттады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының «Еңбек даңқы» төсбелгісінің І, ІІ дәрежесін еңбек озаттарына табыстады. Сондай-ақ, облыс, аудан әкімінің, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының алғыс хаттарын, Құрманғазы ауданының Құрмет грамотасын сала үздіктеріне ұсынды. Шара соңы С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйі әзірлеген тамылжыған ән, күмбірлеген күй кернеген концертке ұласты.
А.Шакупова