Ұлыстың ұлы күніне орай С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде аудан өнерпаздарының гала концерті ұйымдастырылды.
Гүл-көктем ортаға еніп, Қыдыр ата ақ батасын берді. Аудан өнерпаздары әсем әндерін орындап, кішкентай бүлдіршін бишілер мың бұрала биледі. Концерт тамашалауға келген көпшілікке Наурыз көже мен ыстық бауырсақ таратылды.