Аудан намысын қорғаған ақын

(0 Votes)

Қазақтың айтыс өнері – ғасырлармен қанаттасып, дәуірлермен үндесіп, заманамен тілдесіп келе жатқан кемел дүние. Мемлекетіміз осы ұлы мұрамыз - ақындар айтысын дамытуға үлкен көңіл бөлуде.

Осыған орай облыс әкімінің қолдауымен өткен айда Мақат ауданында Т.Амандосов атындағы сыйлықтың иегері, Мақат ауданының «Құрметті азаматы», ақын Қажымұқан Елеместегінің туғанына 70 жыл толуына байланысты облыстық «Кел, Мақатқа» атты ақындар айтысы өтті. Сондай-ақ, тамыз айында Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылында «Жастар жырлайды» облыстық жас ақындар айтысы ұйымдастырылды. Барша қатысушылар жақсы өнер көрсетіп, рухани жағынан шөліркеген көрерменге әдемі жыр, жарасымды әзіл-қалжыңымен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Қойнауына құт қонған Құрманғазы ауданының намысын Нұрбейбіт Нұғыманов қорғады. Жас ақын ұлттық мәдениетіміз бен әдебиетімізді дәріптеп, өңір руханиятының өсіп-өркендеуіне өзіндік үлесін қосып жүр. Мақат ауданындағы 14 ақын қатысқан додада бас бәйгені қанжығасына байлап, Сағыздағы жыр жарысында үшінші орынды иеленді. Аламан айтыс қыркүйек айында Құлсарыда, қазан айында Құрманғазы ауданында өтеді деп жоспарлануда. Аудан беделін асқақтатып жүрген жас ақынды жетістіктерімен құттықтай отырып, деніне саулық, шығармашылығына шалқар шабыт тілейміз!  

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT