Аудан кәсіпкерлерінің назарына!

(0 Votes)

Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы 2022 жылдан бастап туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсатында бірнеше қолдау құралдары енгізілгендігі белгілі.

 Атап айтқанда:

- туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде – кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарын өтеу – жалпы шығынның 10% -ы;

- жол бойындағы сервис объектілерін салу бойыншашығындардың бір бөлігін өтеу- 10%;

- санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға кәсіпкерлік субъектілеріне - ай сайын 83 300 теңге субсидия төлеу;

- туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы сегіз адамнан астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу кезінде шығындарының - 25%-ын өтеу;

Аталған қолдау құралдары бойынша өтінімдер 2025 жылдан бастап, санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауды (1 желтоқсанға дейін) қоспағанда, 1 наурызына дейін қағаз немесе электрондық нысанда пошта не қолма-қол арқылы Атырау облысы Дене шынықтыру,спорт және туризм басқармасында қабылданатындығын  және  өтінімді көрсетілген мерзімге дейін тапсыру қажет екендігін хабарлайды.

Мекен жайы: Атырау қаласы, Әйтеке би, 77, тел: 87122 306969.

Құрманғазы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT