Аудан кәсіпкерлерінің назарына!

(0 Votes)

Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы ҚР Туризм және спорт министрлігімен мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру мақсатында және кәсіпкерлік субъектілерінің ұсыныстары негізінде туризм саласындағы мемлекеттік бағдарламаларға өзгерістер енгізілгендігін хабарлайды.

Атап айтқанда:

- туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде – кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарын өтеу – жалпы шығынның 10% -ы;

- жол бойындағы сервис объектілерін салу бойыншашығындардың бір бөлігін өтеу- 10%;

- санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға кәсіпкерлік субъектілеріне - ай сайын 83 300 теңге субсидия төлеу;

- туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы сегіз адамнан астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу кезінде шығындарының - 25%-ын өтеу;

Аталған қолдау құралдары бойынша өтінімдер 2025 жылдың 1 маусымына дейін қағаз немесе электрондық нысанда пошта не қолма-қол арқылы Атырау облысы Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасында қабылданатындығын және өтінімді көрсетілген мерзімге дейін ұзартылғандығын қаперлеріңізге береді.

Мекен жайы: Атырау қаласы, Әйтеке би, 77, тел: 87122 306969.

Құрманғазы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT