«Атырау облысы Құрманғазы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туриістік қызмет саласындағы кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің қағидалары мен өтінімдеріне сәйкес хабарлайды.
«Кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спортминистрінің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 382 бұйрығы.
«Кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 411 бұйрығы.
«Туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 412 бұйрығы.
«Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 415 бұйрығы.
2022 жылдан бастап туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсатында бірнеше қолдау құралдары енгізілгендігі белгілі.
Атап айтқанда:
- туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде – кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарын өтеу – жалпы шығынның 10% -ы;
- жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу - 10%;
- санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға кәсіпкерлік субъектілеріне - ай сайын 83 300 теңге субъсидия төлеу;
- туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы сегіз адамнан астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу кезінде шығындарының - 25%-ын өтеу;
Аталған қолдау құралдары бойынша өтінімдер санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауды (1 желтоқсанға дейін) қоспағанда, 1 наурызына дейін қағаз немесе электрондық нысанда пошта не қолма-қол арқылы Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасында қабылданатындығын қаперге береді.
Орналасқан жері: Атырау қаласы, Баймуханова 16Б. Бизнес-центр «Назерке». Байланыс телефондары 8(7122)35-42-73, 87016324263.
Құрманғазы ауданының кәсіпкерлік және ауыл
шаруашылығы бөлімі