Сан көңілді қуантып, қос қанаттан айрылған балаларға қашан да жомарттық танытып, жақсылық жасаудан талмайтын «Бақыт бұлағы» қайырымдылық қоры бұл жолы да қапы қалмады.
Оның уәкілі Ботагөз Есімсейтқызы «Жарқыра, жайна Жаңа жыл» атты аудан әкімінің шыршасына қатысып, балаларға арнайы дайындаған сыйлықтарын табыстады. Оған қоса, Қайыргелді Мақсұтұлының атынан мерекелік лебізін жеткізді. Әр мектептен келген сегіз жеткіншекке өздері сұратқан керекті бұйымдарын сыйға тартып, жарты көңілді қуанышты сәтпен толтырды.
Мерекелік кеш барысында ауданның бас ұстазы Гүлфара Өтемісқызы сөз алып, «Аяз ата» іспеттес болған «Бақыт бұлағы» ҚҚ-на алғысын білдіріп, құттықтау тілегін айтты.
Кейін Қайыргелді Мақсұтұлы мен Ботагөз Есімсейтқызына аудан әкімі Марат Мурзиевтың Алғыс хатын табыстады. Берекелі істің басынан табылғандарға ілтипатын білдіріп, оқушылардың алдағы өміріне бақытты шақ, махаббатқа толы өмір мен өркенің өссін деген батасын берді.
Салтанатты шара Бегалиев жом оқушылары дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты.
Жайдарлым Қайреден