Аудан әкімінің өкімімен 2024 жылдың 10 қаңтарынан бастап Құрманғазы ауданы әкімінің кеңесшісі лауазымына Боранғалиев Ернар Серікұлы тағайындалды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Боранғалиев Ернар Серікұлы 1991 жылы 19 қаңтарда Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Ұлты қазақ. Отбасылы.
Еңбек жолы: 2012-2014 жылдары Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Жастар саясаты Департаментінің маманы, Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы.
2017-2020 жылдары Атырау облысы Дін істері басқармасы «Ақпараттық талдау орталығы» КММ, «Діни бірлестіктермен жұмыс» бөлімінің маманы, «Аудандық жұмыстарды ұйымдастыру» бөлімінің басшысы.
2020-2021 жылдары Құрманғазы аудандық Жастар ресурстық орталығы мекемесінің басшысы.
2021 -2023 жылдары Х.Досмухамедов атындағы Атырау университетінің «Әлеуметтік мәселелер және жастармен жұмыс жөніндегі» бөлімінде жетекші маман.
2023 жылдан бүгінгі күнге дейін Ақкөл ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарып келді.
Жаңадан тағайындалған кеңесшіні аудан басшысы активте таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.