Аудан әкімі жаңа кадрлық тағайындау жасады

(0 Votes)

Аудан басшысы Қайрат Нұртаев дербес бөлім басшыларымен болған жиында 2020 жылы 13 сәуірдегі №145 аудан әкімінің өкімімен аудан әкімі кеңесшісінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалған Бисенғалиев Наурызбай Амантайұлын таныстырды.

Ол 1991 жылы 26 наурызда Еңбекші ауылдық округі, Дәулеткерей ауылында дүниеге келген. Еңбекші орта мектебінде білім алған. 2008-2012 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Экономика және құқық» факультетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген. 2012 жылы Еңбекші ауылдық округі әкімі аппаратында «Жастар тәжірибесімен» жұмысқа орналасып, кейін аталған мекемеде жетекші маман қызметіне тағайындалған. 2013-2018 жылдары Еңбекші ауылдық округі әкімінің аппаратында бас маман, 2018 жылдың ақпан айынан бастап күні бүгінге дейін Құрманғазы аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы қызметтерін атқарды. Отбасылы.

img_1390

Жиын барысында аудан басшысы Н.Бисенғалиевтің жастар саясаты саласында бірқатар жұмыстар жүргізгенін тілге тиек етіп, жемісті еңбек, абыройлы қызмет тіледі. Nur Otan партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Өмірболат Есенғазиев болашағынан зор үміт күттірген жасқа сенім білдіріп, жылы лебізін білдірді.

img_1392

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521