Аудан әкімі Марат Мурзиев ауылдық округтердің кезекті есептік жиындарына қатысуда, - деп хабарлайды Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Апталық жоспарда Азғыр өңірі бойы араланды. Аудан басшысы Сүйіндік, Азғыр, Асан ауылдық округтерінде болып, әлеуметтік маңызы бар нысандарға барды.
Құрманғазы Аудандық Полиция Бөлімі Азғыр полиция бөлімшесі «Құрманғазы Строй Групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы жай жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді.
Айта кетелік, полиция бөлімшесі Азғыр ауылдық округінің Балқұдық ауылында орналасқан, жалпы штаттық кестеде он бір тәртіп сақшысы жұмыс атқарады.