Аудан әкімі Абат Сайфоллаұлы азаматтармен жеке қабылдау өткізді, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Аудан орталығы мен ауылдарынан келген тұрғындар аудан басшысының қабылдауында болып, өздерін толғандырған мәселелерін ортаға салды.
Барлық қабылдауға келген жандардың өтініштерін тыңдаған аудан басшысы олардың мәселелерін шешу жолдарын ұсынып, нақты жауаптар беріп, осы салаға жауапты қызметтердің басшыларына заң талаптарына сәйкес көмек көрсетіп, берілген тапсырмалардың орындалуын қадағалап отыруды жүктеді.
Тұрғындар жолыққан мәселелер қатарында :
- Нұржау ауылының тұрғыны , егде жастағы атамыз тұрғын үймен қамтамасыз етуді сұрап, өтініш етті.
- Нұржау ауылының тұрғыны , егде жастағы атамыз тұрғын үймен қамтамасыз етуді сұрап, өтініш етті.
Нұржау Ауылдық Округі әкімі Мұрабек Мұғалімнің айтуынша, бұл азаматқа округ аппараты көмектесіп, уақытша жалға үй тауып бергенімен, тұрғын өз еркімен ол үйде тұрақтағысы келмеген.
Құрманғазы Аудандық Жкх Бөлімі маманы Руслан Сиражевтің мәліметінше, бұл азамат тұрғын үй кезегінде 140 болып тіркеліп тұр. Кезегін күтуге тура келетіні түсіндірілді.
Келесі кезекте Құрманғазы Ауылдық Округі тұрғыны, көпбалалы ана тұрып жатқан жатақхана бөлмесін жекешелендіру, жұмыссыздық мәселесімен жолықты.
Бұл ретте, аудан басшысы Құрманғазы ауылдық округ әкіміне , Құрманғазы Аудандық Мансап Орталығы-на мәселенің шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.
Мақаш Ауылдық Округінен келген бір топ азамат Афанасьева ауылына жол, ойын алаңын салу сынды тұрғындар өтінішін жолдады.
Аталған мәселелер бойынша аудан әкімінің орынбасары Марат Хасанов, Мақаш ауылдық округі әкімі Бауыржан Кадыров -ке бірқатар тапсырмалар жүктелді.
Өзге де жұмыссыздық, медицина саласына қатысты туындаған азаматтар сауалдарына тиісті бөлімдер жауап қайтарып, оңтайлы шешімін табу үшін арнайы жолдары қарастырылатыны айтылды.