Аудан әкімі теміржолшыларды кәсіби мерекемен құттықтады

(0 Votes)

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – көлік қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

 Теміржол саласы Егемен еліміздің экономикасын дамытуда шешуші рөл атқаратын күрделі сала. Сондықтан Үкімет өз тарапынан отандық теміржол саласын дамытуға және оның тиімді жұмыс істеу мәселесіне ерекше назар аударып келеді. Сіздерге теміржол магистралінің қауіпсіз әрі барынша тиімді жұмысын қамтамасыз ету жүктелген. Бұл үлкен жауапкершілік. Сіздер күні-түні еңбек көрігін қайнатып, алысқа тартқан теміржолмен бірге біте қайнасқан еселі еңбектеріңізбен осы саланың дамуына өзіндік үлестеріңізді қосып келесіздер. Сондықтан абыройлы еңбектеріңізге зор алғысымды білдіре отырып, Сіздерге мықты денсаулық, жемісті еңбек, отбасы амандығын, ырыс-береке тілеймін. Алға қарай да ел игілігіне бағытталған тынымсыз еңбектеріңізде жаңа табыстарға жете беріңіздер.

Құрметпен, аудан әкімі А.Жангалиев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT