Аудан әкімі тұрғындарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

(0 Votes)

Қадірменді  Құрманғазылықтар!

Мұсылман қауымның ұлық мерекесі – Құрбан айт құтты болсын!   Құрбан айт – бірлік пен игілік, мейірім мен кешірім мерекесі. Бұл күні мұсылмандар қайырлы, ізгі амал үшін құрбан шалып, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына қайырымдылық көмек көрсетеді. Ұлық мереке ағайын арасын жақындатып, көршілерді, ұлттар мен ұлыстарды ынтымаққа ұйытып, татулыққа шақырады. Күллі мұсылман ағайындар құрбандық шалып, жетім-жесірлерге, мүгедектерге таратады. Құрбан айт татулықты басты тірегі еткен Тәуелсіз еліміздің халықтық мерекесіне айналды. Сондай-ақ, Құрбан айт - отбасылық мереке. Отбасын шаттыққа бөлеп, ағайын-туыс, көршілерді аралап, жағдайын сұрау – сауапты іс. Құрбан айт араздасқан адамдар татуласып, бір-бірін кешірісіп, туысқандық байланысты күшейтуге себепкер ұлық мейрам.

Елімізде мұсылман мерекелері, сондай-ақ өзге де діндердің түрлі мерекелері аталып өтіледі. Мұндай  ортақ мерекелер Қазақстан халқының өзара құрметін арттырып, ұлттар арасындағы татулықты нығайта берері сөзсіз. Олай болса, сындарлы сәтте бір-бірімізге жақсы сөз айтып, көмекке мұқтаж отбасыларға қайырымдылық жасап, мол сауап алуға асығайық!

Құрбан айт мерекесі аясында жасаған қайырымдылық шараларыңызды, тілеген тілектеріңізді, оқыған дұғаларыңызбен, жасаған игі істеріңізді Алла тағала қабыл етіп, сауапқа жазғай!

Баршаңызға бақ-береке, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекетіміздің мерейі әрқашан үстем болсын!

 

Құрметпен, аудан әкімі М.Мурзиев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT