Аудан әкімі ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады

(0 Votes)

Құрметті ұстаздар,білім беру саласының ардагерлері!

Сіздерді еліміздің мәртебелі мерекелерінің бірі -  Ұстаздар күнімен  шын жүректен құттықтаймын!

​Ұстаздар күні - бұл дәстүрлі әрі бүкіл халықтық мереке десек артық айтқандық болмас. Ұлт болашағы – білімде, сапалы, саналы, жан-жақты тәрбиеде десек, осынау қасиетті ұғымның жүгін көтеретін ұстаздар. Ұстаз болу үлкен абырой, әрі күрделі жол. Шәкірт бойына асыл-ой, адамгершілік, ұлттық сана-сезімді сіңіре білетін тәрбиеші, ел болашағын сеніп тапсырар, тәуелсіз Қазақстанның әрі қарай нығаюына үлес қосар өскелең ұрпақты тәрбиелейтін беделді тұлға екені сөзсіз.

Ұлы ғұламалардың да ұстазы болған, сондықтан болар осы абыройлы міндетті атқарып жүргендерді халқымыз әрқашан ерекше құрмет тұтқан. Ұстаздың әр адамның жүрегінен алатын орны айрықша, қолына қалам ұстатып, алғаш әліппені үйреткен мұғалімін жылылықпен еске алмайтындар кемде кем болар. "Ұстаз" сөзінің өзі "Отан", "Ар", "Адамгершілік" сияқты қасиетті ұғымдардың қатарынан орын тебуінің өзінде үлкен мән жатыр. Мемлекеттің қолдауымен сапалы және қолжетімді білім алуға қолайлы жағдайлар жасалған, жыл сайын білім саласына қаражат көлемі ұлғаюда, материалдық-техникалық базасы нығаюда, оқу процессіне жаңа технологиялар енгізілуде. Осы бағытта ауданымызда білім беру саласын жетілдіру, материалдық базасын нығайту ең басты міндеттеріміздің бірі болып табылып келеді.

Сондықтан осынау аса маңызды да жауапты қызметтеріңізге шығармашылық табыстар, қажымас күш- жігер, отбасы бақытын тілеймін.

 

Ізгі тілекпен ауданы әкімі      М.Мурзиев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521