Жергілікті сағат 10:00 шамасында Еңбекші ауылдық округінде орналасқан өз сайлау учаскесіне аудан әкімі Марат Мурзиев келіп, өз таңдауын жасады. Аудан басшысы ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтап, ауылдық клуб алдында ұйымдастырылған жәрмеңкеге қатысты.
-Бүгін еліміз үшін тарихи маңызы бар күн. Тұрғындар ертемен сайлау учаскелеріне келіп, таңдауларын жасап жатқандарына қуаныштымын. Барлық сайлаушыларға ортақ бір құндылық бар, біз тыныштық пен ауызбіршілік салтанат құрған, өз-өзін жетілдіруге барлық жағдай жасалған мамыражай бейбіт елде өмір сүргіміз келеді. Біз бүгін еліміздің болашағын бірге таңдаймыз, -деді сайлаушыларға Марат Бисенғалиұлы.