Аудан әкімі Гүлбахыт Қайыржанованы қабылдады

(0 Votes)

Аудан әкімі Абат Жанғалиев Парижде өткен жазғы паралимпиада ойындарына қатысып, найза лақтыру (F13 класы) бойынша 34.23 нәтижесімен 5 орын алған жеңілатлет жерлесіміз Гүлбахыт Қайыржанова мен бапкері Нұрберен Әміржановты қабылдады.

– Паралимпиада ойындары әлемнің озық спортшылары қатысатын үлкен сайыс болғандықтан онда жеңіске жету оңайға түспейді. Он бір азулы қарсыластың ішінен алғашқы бестікке енгеніңіз сіздің ерекше ерік жігеріңіздің, жеңіске деген талпынысыңыздың, көрсетілген сенімнен шығуға күш салғаныңыздың жарқын көрінісі. Бұған дейін сіздің 2019 және 2023 жылы өткен Қазақстан Республикасы паралимпиада ойындарының, республикалық чемпионаттың екі дүркін жеңімпазы, Мароккода, Дубайда Гран при иегері атанғаныңыз, басқа да халықаралық жарыстарда жүлдемен оралғаныңыз, пара жеңіл атлетикадан «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағын алғаныңыз ауданымыздың жас буыны үшін тағылымға толы үлгі деп санаймын. 2024 жылы паралимпиада ойындарына жеңіл атлетикадан Қазақстан мемлекетінен тұңғыш рет лицензияға ие болған және алғаш қатысқан спортшының Құрманғазы ауданынан шығып отырғаны бәріміз үшін мақтаныш – дей келе, аудан басшысы Гүлбахыт Қайыржанқызына Құттықтау хаты мен 100 мың теңгелік сертификатты табыстады.

Сонымен қатар бапкері Нұрберен Әміржановқа да сый құрметін көрсетті. Басқосуда Нұрберен Әміржанов, Орлы ауылдық округінің әкімі Жандос Бектемиров, Гүлбахыттың әкесі Теңіз ауылдық округінің тұрғыны Қайыржан Бимурзаев қабылдауды ұйымдастырып, спортшыны ұлығылап жатқандары үшін алғыстарын білдірді.

Айнагүл Күнұзаққызы                     

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT