Құрметті ардагерлер ағалар, ақ жаулықты аналар!
Сіздер 1 қазан – Дүниежүзілік Егде адамдар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Өркениетті елдердің санатына қосылуға ниет білдірген қазақ елінің келешек ұрпағы - өз қарияларын сыйлап, құрметтеуді - ұлттық дәстүр, игілікті іс, перзенттік парыз деп санайды. Өйткенi жасы ұлғайған адамдар —мемлекетiмiздiң алтын қоры, дәстүрлердiң сақтаушысы, отансүйгіштіктің, iске деген адалдықтың, ұлы шыдамдылық пен сенiмдiлiктiң жарқын үлгiсi. Олар соғыстың қатал мектебiнен, соғыстан кейiнгi құрылыстан өттi және туған елiмiздiң гүлденуi жолында көп күш-жiгерлерiн жұмсады. Сондықтан, ардагерлерге деген құрмет, әлеуметітк қолдаулар жылдан-жылға артып келеді.
«Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп бабамыз тегін айтпаған. Сіздер бізге және өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа өмір жолдарыңыз өнеге, еңбек жолдарыңыз үлгі боларлық ақылман, данагөй тұлға, саялы бәйтерексіздер. Жоғары адамгершіліктің, өмірге деген сенімділіктің, бай рухани мәдениеттің мысалы ретінде тарихымыздың беттері болып табылатын Сіздердің жылдар бойы жинақтаған білімдеріңіз бен өмірлік тәжірибелеріңіздің маңызы зор.
Сіздерден тәлім-тәрбие алған іні-қарындастарыңыз өздеріңіз бастаған игілікті істерді жалғастырып, Сіздер салған сара жолмен ауданымыздың өркендеп, гүлденуіне өз үлестерін қосып келеді. Сіздердің төзімділіктеріңізге, даналықтарыңызға, табандылықтарыңызға және адалдықтарыңызға зор алғысымды білдіре отырып, әрі қарай да арамызда ақылшы, кеңесші бола жүріп, ел игілігі үшін қоғам өміріне белсене араласады деген сенемім мол. Баршаңызды мерекелеріңізбен тағыда құттықтай отырып, отбастарыңызға амандық, зор денсаулық, бақытты ұзақ ғұмыр тілеймін!
Құрметпен, Құрманғазы ауданының әкімі М.Мурзиев