Аудан әкімі ардагерлерді арнайы барып құттықтады

(0 Votes)

Қариялар күніне орай аудан әкімі Марат  Мурзиев ,аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағынжан Рахимов ардагерлердің үйіне арнайы барып құттықтады.

Ауданымызда саналы ғұмырын ұстаздық қызметке арнап, білімді ұрпақ тәрбиелеуде зор еңбек сіңірген, мемлекеттің саяси-қоғамдық  жұмыстарына да белсене араласқан ардагер ұстаз Мүлкат Шапхатқызының шаңырағында аудан әкімі бастаған топ болып, атаулы мерекемен құттықтады.

8a1db812-a983-46c1-aecd-dcbcb6d02157

Осындай еңбек ардагерлерінің бірі - Теміржол саласында қырық жылға жуық қызмет қылған, қазіргі таңда алты ұрпақтан тараған немере-жиендерінің ортасында бейнетінің зейнетін көріп отқан Еңбек ері атағының иегері Роза Зиноллақызына да аудан басшысы   арнайы барып, құттықтау хаты мен сый-сияпатын табыстады.

 

Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521