Аудан әкімі «Алтын белгі» иегерлерін құттықтады

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Түлек-2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты мектеп бітіруші «Алтын белгі», «Үздік аттестат» иегерлерін марапаттау салтанаты өтті.

Шарада аудан әкімі Марат Мурзиев ауданымызда 531 оқушы алтын ұя мектебінен түлеп ұшқанын, оның 17 – і «Алтын белгі», 13-і «Үздік аттестат» иегері атанып отырғанын тілге тиек етіп, ақ жол тілеп, оларды сахна төріне шығарып марапаттады. Соынмен қатар, білім бөлімінің басшысы Гүлфара Құбаеваға Құрмет грамотасын табыстады.

zdikter3

 

Аудандық мәслихат хатшысы Болат Жүгінісов түлектердің облыстық, республикалық додаларда жоғары жетістіктерден көрінулеріне атсалысқан ұстаздарға алғыс хатын ұсынды.

z

z

img-20220617-wa0120

Ата-аналар атынан Руслан Адилов, Алтынсарин жалпы орта мектебінің түлегі Дидар Қуанышов жүрекжарды лебіздерін жолдады. Шара соңында «Дарындылар гимні» орындалды.

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT