Аудан әкімінің өкімімен Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бос тұрған уақытша басшы лауазымына мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен Сахипов Айдынбек Жігерұлы тағайындалды.
Әкімдіктің кіші мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Гүлнар Әдебиетқызы бөлім басшысын ұжымға таныстырды. - Айдынбек Жігерұлы осы ұжымда бірнеше жылдан еңбек етіп келеді. Білікті маман, бұған дейін де өзіне жүктелген жұмыстарды аса жауапкершілікпен атқарып келеді.Жаңа қызметіне сәттілік тілей отырып, өздеріңізбен тығыз байланыста жұмыс атқарады деген сенімдемін,-деп, лауазым иесінің қысқаша өмірбаянымен таныстырып өтті.
Сахипов Айдынбек Жігерұлы 1990 жылы 28 мамырда Құрманғазы ауданы, Жұмекен ауылында дүниеге келген. Ұлты–қазақ.Білімі–жоғары.
2011 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін қаржы мамандығы бойынша бітірген.
Еңбекші ауылдық округінің тұрғыны.Алғашқы еңбек жолын 2010-2011 жылдары Атырау облысы, Құлсары қаласында «Темірәлі» ЖШС-де жұмысшы болып бастаған.
2012-2022 жылдары Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маман есепшісі.
2022 жылдың шілде айынан бастап, Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас инспектор - есепшісі қызметін атқарып келді. Отбасылы.
Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі