Аудан әкімдігінде аппарат мәжілісі өтті

(0 Votes)

Аудан әкімі А.Жангалиевтің төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жиынның күн тәртібінде аудан әкімдігі бойынша орындаушылық тәртіп және жұмыстарды ұйымдастыру мәселесі қаралды.

Мәжілісте аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелердің 2024 жыл қорытындысымен орындаушылық жұмыстары және жіберілген кемшіліктері талқыланды.

Жиын қорытындысымен аудан әкімі мемлекеттік мекеме басшыларына  орындаушылық тәртіпті күшейтуді , азаматтардан келіп түскен өтініштеріне  уақытылы және нәтижелі  ден  қоюды, ашықтықты қамтамасыз етуді және мемлекеттік саясатты тиімді іске асыруды тапсырды.

Оған қоса, «109» Бірыңғай байланыс жүйесін аудан көлемінде кеңейту шешімі қабылданды.

Сондай-ақ, округ әкімдеріне қызмет ететін әкімшілік аумақтарында тұру  және болу ескертілді.

Бұдан бөлек, баяндамашы аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Д.Ердешов мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдеп нормаларының сақталуы,  сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік қағидатын және іскерлік стильді ұстану қажеттілігі туралы жеткізді.
Жиын барысында аудандағы криминогендік ахуал мәселесі де талқыланды.

Құқық бұзушылықтардың  өсу динамикасына орай, ауылдық округ әкімдеріне құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстарды неғұрлым күшейтуді тапсырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT