Аудан әкімі еңбекақысын жасырмады

(0 Votes)

Тұрмыстық жемқорлықты жою мен азаматтарға қолайлы ортаны қалыптастыру мақсатында құрылған «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өңір тұрғындары үшін тағы бір республикалық игі жобаға үн қосты. Бұл жолғы «Сыбайлас жемқорлық біз үшін емес» республикалық акциясын Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Нұртаев та қолдайтынын жеткізді.

Бұқара халық арасында әкімдердің ресми белгіленген айлық жалақысын білгісі келетіндер көп. Ал олардың арасында мұны құпия ұстағысы келіп, бұл сауалға мүлде жауап қатпайтындар да бар.

Аталмыш акцияға үн қосқан аудан әкімі Қайрат Талапұлы өзінің еңбекақысын жасырмайтынын алға тартты.

«Кеңсенің жүзеге асырып отырған бастамасына орай, менің аудан әкімі ретіндегі айлық табысым мемлекеттік қызметшілердің жалақысының жоғарылауына байланысты 755 485 теңгені құрайтынын жеткізгім келеді. Жыл басында 379 601 теңге көлемінде алған болатынмын,» - деді аудан басшысы.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521