Аудан әкімі Әділет органдарының қызметкерлерін мерекемен құттықтайды

(0 Votes)

Құрметті Әділет органдарының қызметкерлері мен сала ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасының Әділет органдары қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Әділет органдарының өз функцияларын сапалы орындауы, халыққа тиімді қызмет көрсетуі, құқық үстемдігін қамтамасыз етуі, Әділет органдары қызметкерлерінің кәсібиліктері мен күш-жігерлеріне тікелей байланысты. Ауданымызда құқықтық заңнамалар аясында әділетті қызмет атқарып келе жатқан органның алар үлесі ұшан-теңіз.

Бүгінгі таңда әділет органдары жүктелген құқықтық көмек пен заңдық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды жүзеге асырып келеді. Кез келген қоғам мемлекеттік басқарусыз әрекет етуі мүмкін емес. Сондықтан да елдің Туын тік көтеріп, мәртебесін асыратын, абыройын асқақтататын қызметкер болу – мәртебелі міндет.

«Әділдіктің екі қайнар көзі бар: ешкімге зиян шектірмеу және қоғамға пайда келтіру» деп Цицерон айтқандай әділдік жолында қызмет атқарып, азаматтардың Конституциялық құқықтарының бұзылмауы және барлық мәселелердің заң шеңберінде жүзеге асуы үшін еңбек етіп жүрген әділет органының қызметкерлерінің еңбегі зор екені бәрімізге мәлім.

Әділет органдарының алдына қойылған мақсаттарына, яғни заңдылықты қамтамасыз ету және сот төрелігінің әсерлілігін әрі қарай арттыру, заң шығармашылығы, құқықтық ағарту мен адам құқығын қорғауда қызметкерлерінің талмай еңбек етуіне тілектеспін.

Бүгінгі кәсіби мерекеде Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, әділет жолындағы қызметтеріңізге табыс тілейміз!

Қ.Нұртаев, аудан әкім

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521