Аудан әкімі білім күнімен құттықтады

(0 Votes)

Құрметті ұстаздар, мектеп оқушылары және ата аналар!

Баршаңызды 1 қыркүйек білім күнімен – жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Білім – игілік пен бірлік, байлық пен дәулеттің, жарқын болашағымыздың негізгі қайнар көзі. Бәсекеге қабылетті дамыған ел болу үшін, біз жоғарғы білімді ұлт болуымыз керек.

Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін елдің сауаттылығын арттыру, соның ішінде, барлық жеткіншек ұрпақтың сауаттылығына зор көңіл бөлу, білім берудің жаңа әдістеріне көшу қажет.

Ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбаев «Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі» деген екен. Сондықтан бүгінгі жастар ілім-білім жинауға қашанда асығып, тәуелсіз еліміздің игілігі жолында білімдерін ел игілігіне жаратып, болашақта озық ойлы, өрісі кең, өрелі азаматтар болыңыздар дегім келеді.

Ел ертеңі Сіздерсіздер, шәкірттер, қиялдарыңыз ұшқыр болып, қанаттарыңыз талмасын жаңа оқу жылы толағай табыстарға, жағымды жаңалықтарға толы болсын!

Аудан әкімі Қ.Нұртаев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521