Аудан әкімі «Атырау – адалдық алаңына» сұхбат берді

(0 Votes)

Мемлекеттің қалыпты дамуына кері әсер ететін, экономиканың дамуын тежейтін факторлардың бірі – сыбайлас жемқорлық.

Ал, осы сыбайлас жемқорлықтың белең алмауына, оның алдын алуда ең алдымен мемлекеттік қызметшілердің біліктілігінің жоғары болуы, әкімшілік кедергілердің болмауы заңдылық.

Осыған орай, «Атырау-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі бұл бағытта лауазым иелерімен түрлі сұхбаттар ұйымдастыруды дәстүрге айналдырды. Бұл жолы «Қиғаштың бойында қиындық бар ма?» тақырыбымен Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Нұртаевпен әлеуметтік желідегі инстаграм парақшасы арқылы онлайн-сұхбат өткізді. Аудан әкімінен тікелей эфирде сұхбат алған кеңсе жетекшісі Альфия Адиева парасаттылық, адалдық және әділдік құндылықтарын кеңінен талқыға алды. Сонымен қатар, аудан басшысы Қайрат Талапұлы төтенше жағдай кезінде өңірдегі шектеу шараларына қатысты түсінік беріп, жалпы ахуалды баяндады. А.Адиева өз сөзінде алдағы уақытта Құрманғазы ауданында да «Адалдық алаңының жобалық кеңсесі» ашылатынын қаперге берді.

«Серпер» газеті редакциясы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521