Аудан бюджетіне өзгерістер енгізілді

(0 Votes)

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХІІ сессиясын оның хатшысы Болат Жүгінісов жүргізіп, күн тәртібімен таныстырды.

Аудан әкімі Марат Бисенғалиұлы ауданымыздың спорт саласына сіңірген еңбегі үшін Есенғабыл Рамазановты сессия алдында Құрманғазы ауданыны Құрмет грамотасымен марапаттады.

bbab4e55-e159-4fe5-88f8-9a2bb1424b13

Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Нурия Баймұханованың 2022-2024 жылдарға арналған ауданның бюджетін бекіту туралы шешімге өзгерістер енгізу туралы хабарламасы тыңдалды. Хабарламашы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде Орлы ауылына кіретін және ауыл ішіндегі жолдарды қайта жаңғыртуға бөлінген қосымша қаржыға, Котяевка ауылына 300 орындық мәдениет үйінің құрылысына аталған трансферт есебінен берілген ақшаға және басқа да қаражаттардағы өзгерістерге тоқталды.

Сессияда шешімін қажет ететін өзге де мәселелер қаралды. Аудан әкімі Марат Мурзиев алдағы атқарылғалы отырған жұмыстарға қатысты пікірін білдіріп, аудандық мәслихат хатшысы Болат Жүгінісов сессияны қорытындылады. 

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521