Аудан бюджеті 99,7 пайызға орындалды

(0 Votes)

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысын өкілетті органның хатшысы Болат Жүгінісов жүргізді.

Оған Атырау облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Нұрбол Қонысов қатысты. Алғашқы кезекте аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Гүлнар Хасанованың 2019 жылға арналған аудан бюджетінің орындалысы туралы хабарламасы тыңдалды. Хабарламашының айтуынша өткен жылы аудан бюджетінің табыс бөлігіне жоспарланған 15 893 693,0 мың теңге орнына 15 930 149,5 мың теңге түсімдер түсіп, 100,2 пайызға орындалған. Кіріс бөлігі 2 729 407,6 мың теңге түсімдермен 101,4%-ға жеткен немесе жоспарда көрсетілгеннен 36 456,6 мың теңге қаржыға артық. Ал, аудандық бюджеттің шығыс бөлігі аудандық мәслихаттың сессиясының шешімімен 4 рет өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп нақтыланып, 99,7 пайызға орындалып отыр. Бөлім басшысы одан әрі қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берді.

img_2016

Облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Нұрбол Қонысов: – Аудандық бюджеттің параметрлері 100 пайызға орындалды, яғни 16 млрд. шамасын құрады. Бюджет түсімдерінің басым бөлігі кірістер. Яғни, 100 пайыз деп алатын болсақ, соның 99,5%-ы. Талдау нәтижесімен салықтық, салықтық емес және негізгі салықтан түсімдер 31 түсім коды бойынша жүзеге асырылған. Жалпы 2018 жылмен салыстырғанда аудан бюджетінің кірістері 2 млрд. теңгеге жоғары. Одан бөлек салықтық берешектерге тоқталсам ол 2020 жылдың 1 қаңтарында 25 млн. 530 мың теңге көлемінде. Мұны 2018 жылмен салыстырып қарасақ өсіп отыр. Шығыстар жағына тоқталсам 99,7%-ға, яғни 16 млрд. 111 млн. теңгеге орындалды. 2019 жыл қорытындысымен 40 млн. 988 млн. теңге бюджет қаражаты игерілмеген. Қырық миллионның 97,7 пайызы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне тиесілі. Себебін жаңа экономика және қаржы бөлімінің басшысы айтып өтті. Жалпы тексеру комиссиясы 2019 жылғы аудандық бюджеттің орындалуын оң бағалады. Еске сала кетейін аудит қорытындысымен бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану бойынша алдымыздағы жылдан бастап Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне өзгерістер енгізіліп, мемлекеттік мекеменің және квази мемлекеттік субъектінің бірінші басшысына жауапкершіліктер қарастырылады. Бүгінгі күні тексеру қорытындысымен 151 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 2 қызметкер жұмыстан босатылды, 2 қызметкер атқарып отырған лауазымынан төмендетілді. 388 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға салынған айыппұлдың сомасы 5 млн.648 мың теңгені құрады. Тексеру комиссиясымен 11 материал құқық қорғау органдарына жолданды. Оның ішінен 4-і сотқа дейінгі тексеруде, бір материалды қарау тоқтатылды, 4-іне құқық қорғау органдары өзге де шешімдер қабылдады, 2-сі соттың қарауына жіберілді, - дей келе бюджетті жоспарлау маңызды екеніне, бөлінген қаражатты тексеруге мониторинг жүргізіліп отыратынына тоқталды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап қайтарды.

i

i

Аудандық мәслихаттың LVII сессиясы барысында аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Гүлнар Хасанованың ауылдық округтердің 2019 жылғы бюджеттерінің атқарылуы, аудандық мәслихаттың экономика, салық және бюджет саясаты жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Рифхат Сұлтанияевтің, Кудряшов ауылдық округінің әкімі Сақтапберген Ертілеуовтің, аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Марат Хасановтың, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Зияда Жоламанованың күн тәртібіне қатысты қысқаша хабарламалары тыңдалды.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521