Аудан бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында оқу-жаттығу өтеді

(0 Votes)

2023 жылдың 26-28 шілде аралығында Құрманғазы ауданы аумағында кешенді оқу-жаттығу өткізіледі.

Осыған байланысты, Құрманғазы ауданы тұрғындарын бұл жайтқа түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және құқық қорғау органдарының заңды талаптарын орындап, оқу-жаттығуға көмектесуге шақырамыз. Оқу-жаттығу кезінде бірқатар шектеу шаралары енгізіліп, 26-28 шілде күндері бірнеше рет ДАУЫЛДЫ ДАБЫЛ берілетін болады.

Белгіленген елді мекенде көлік құралдарының қозғалысына ішінара шектеу енгізілуі мүмкін. Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің 443-бабына сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын жеткіземіз.

Құрметті аудан тұрғындары түсіністік танытып, сабырлық сақтауларыңыз сұралады.

Құрманғазы аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT