Ауданға жаңа әкім тағайындалды

(1 Vote)

Аудандық мәслихаттың ІІІ сессиясын ашқан аудандық мәслихаттың хатшысы Болат Жүгінісов күн тәртібіндегі мәселемен таныстырғаннан кейін, облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов:

- Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімімен, Атырау облысы әкімінің өкімімен Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Талапұлы Нұртаев қызметінен босатылды. Аудан әкімі лауазымында болған жылдарында Мемлекет басшысы алға қойған халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатындағы жоспарларды орындады. Басшылық тарапынан берілген тапсырмаларды аудан халқымен, мәслихат депутаттарымен, активпен бірігіп жасады. Екі жыл осы жерде еңбек етті. Бүгін өңіраралық ішкі ротациялауға сәйкес, басқа жұмысқа ауысуына байланысты Құрманғазы ауданы әкімі лауазымынан босатылды.  Республикалық, облыстық маңызы бар қала, аудан басшыларын қызметке тағайындау, өкілеттігін тоқтату жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімімен Құрманғазы ауданының әкімі қызметіне Марат Бисенғалиұлы Мурзиев тағайындалды.

zhaa-kim-2

zhaa-kim1

Марат Бисенғалиұлы Мурзиев 1981 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2003 жылы Қазақ гуманитарлық  заң университетін үздік бітірген. Еңбек жолын 2003 жылы Атырау қаласы табиғат қорғау прокурорының көмекшісі болып бастаған.

2006-2008 жылдары әртүрлі жеке кәсіпорындарда басшылық қызметтер атқарған. 2009-2010 жылдары – Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімінің кеңесшісі, 2010-2011 жылдары - Білім беру басқармасының бөлім басшысы.            

2011-2012 жылдары - Атырау облысы әкімінің аппараты Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі, 2012-2013 жылдары -  Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, 2013-2017 жылдары – Атырау облысы Тексеру комиссиясының төрағасы, 2017 жылдың наурыз айынан бүгінгі күнге дейін Исатай ауданының әкімі қызметін атқарды.

zhaa-kim5

zhaa-kim4

 

А.Шакупова 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521