«Ауа тазалығы-денсаулық кепілі»

(1 Vote)

25 шілде күні «Балбөбек» бөбекжай балабақшасының және Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің ұжымымен бірлесе отырып «Көліксіз – бір сағат» акциясы өтті.

Акция жұмысының барысында белгіленген жол бөліктерінде аудандық ПБ ЖПҚБ ПП тобының аға инспекторы А.Р.Каримов, ПП қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Н.Зұлқаров, полиция лейтенанты Б.Бақытұлы және балабақша тәрбиешілері,бүлдіршіндер, ата-аналар қатысты. Балабақша бүлдіршіндері полиция қызметкерлерімен бірге автокөлік жүргізушілеріне -жол қателікті кешірмейтіндігі жөнінде брошюралар таратты және ауаны бір сағатқа болса да тазартуға өз үлестерін қосты.Бұл жұмыстың мақсаты - туған ауылымызды аз уақытқа болса да автокөлік бөліп шығаратын лас ауадан тазарту, аудан тұрғындарының назарын қоршаған ортаны сақтау және салауатты өмір өмір салты дағдыларын дамыту, жас буын бүлдіршіндерді экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу.Шара облыстық «Туған жер» атты Квест марафонның «Егер Сіз табиғатты қорғау министрі болсаңыз?» тақырыбындағы жоба жоспарының мазмұнына сай жүргізіліп отыр. Туған жер-алтын бесігімізді үнемі таза, көрікті етіп ұстау кішкентай бүлдіршіндерден бастап үлкендердің алға қойған мақсаты болып, ауылымыз көркейіп, гүлдене берсін демекпіз.

«БАЛБӨБЕК» бөбекжай балабақшасының ұжымы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521