Атыраулықтардың қоқысқа тасталған құжаттары бойынша тексеру басталды

Рейтинг: 0 / 5

Алмалы ауылының тұрғындары өзен жағасында құрылыс қалдықтарының арасынан құжаттарды қоқыстан тапты.

Құрылыс қалдықтары үйінділерінің пайда болу фактісі бойынша олардың арасында төлқұжаттар, жеке куәліктер, азаматтардың өтініштері, төлем құжаттары, табыстар және өзге де жеке басқа қатысты анықтамалар мен мекеменің ішкі құжаттары, мөрлері табылған. Бұл туралы Атырау облысы полиция департаментінен хабарлады.

"Құрылыс қалдықтарының орнын тексеру барысында барлық анықталған құжаттар Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының (ХҚКО) Атырау филиалына тиесілі мұрағаттық құжаттар болып табылған. Олардың арасында Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде талап етілген қызметтік құжаттары мен азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттары бар екендігі расталды", делінген таратылған хабарламада.

Қазіргі уақытта тиісті заңды шараларды қолдану үшін аталған құрылыс қоқысын белгіленбеген жерге төккен автокөлік жүргізушісі және кінәлі лауазымды тұлғалар анықталуда.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика