Атырау облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының ұйымдастыруымен Атырау қаласында «Атырауда жасалған» атты жергілікті тауарөндірушілердің көрмесі өтті.
Оған ауданымыздан ЖК «Кумаров Б.Т.» Бауыржан Кумаров – жарнама агенттігі,матаға, ағашқа әріптер мен әшекейлер салу бойынша бұйымдары, ЖК «Аделя» Рита Сахбалиева, ЖК «Жолдасова В» Вика Жолдасова – тігін, қолөнер туындылары, ЖК «Жұмалиев Т.» Талғат Жұмалиев – тұрмысқа қажетті ағаштан жасалған бұйымдар мен жиһаздар, «Амангелді» ЖШС – балық өнімдері, ЖК «Ахмет» Бибігүл Төлегенқызы – тоқыма бұйымдары, ЖК «Шырақбаева Н.» Назерке Шырақбаева – этнокиімдер өнімдерімен қатысып, халыққа өз тауарларын ұсынды. Көздің жауын алатын құрақ көрпе мен құс жастық, ерекше материалдардан жасалған қолөнер туындылары, ағаштан жасалған ас табақтар мен бесік, қыз жасауына қажеттінің барлығы бір көрмеге топтасты. Кәсіпкерлер жол шалғайлығына қарамастан, облыстың барлық ауданынан жиылды. Күй өңірінің атынан қатысқан жергілікті тауарөндірушілер көпшіліктің зор ризашылығына, алғысын алды.
Айнагүл Күнұзаққызы