Атырауда заңсыз карьер қазған қала тұрғындары анықталды

(0 Votes)

19 сәуір күні сағат 01:15 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторларымен Береке ауылы, Жайық өзені жағалауында қараусыз қалған егіндік орнынан “Камаз” маркалы ауыр жүк автокөлігінің және “JVC” маркалы трактор автокөлігінің 29 және 45 жастағы жүргізушілері заңсыз жолмен топырақ тиеп жатқан жерінен анықталды.

Одан басқа, аталған азаматтардың бір күн бұрын да осы жерден  заңсыз түрде карьер қазғандығы белгілі болды.

Аталған оқиғиға бойынша жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін Атырау облысы бойынша Экология департаментіне жолданды.

Патрульдік полиция қызметкерлері  тексеріс кезінде Камаз және Трактор автокөліктерінің жүргізушілерінің тарапынан заң бұзушылықтар анықтап, 1992 ж.т., Камаз автокөлігінің жүргізушісіне қатысты, ҚР ӘҚБтК-нің 230 бабының 2 бөлігімен (Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамасын бұзу), ҚР ӘҚБтК-нің 593 бабының 2 бөлігімен (Қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану қағидаларын сақтамау), әкімшілік хаттамалар толтырса, Трактор автокөлігінің 1976 ж.т., жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590 бабының 2 бөлігімен (Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiк құралын басқару) әкімшілік хаттамалар толтырылып, барлығы 79 925  теңге көлемінде айыппұлдар салынды.

- Бұл бағыттағы жұмыстар Атырау қаласы Полиция басқармасы және Экология департаменті қызметкерлерімен күнделікті бақылауда  - деді, Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521