Атырауда карантиндік шектеулер күшейтілді

(0 Votes)

Атырау қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Ғайнеденов эпидемиологиялық ахуал толығымен тұрақталғанға дейін Атырау қаласында карантиндік шектеу шараларын сақтау туралы қаулы қабылдады.

Атырау облысында коронавирустық инфекциядан екі адамның қайтыс болуына байланысты, сондай-ақ мониторингтік топтардың эпидемияға қарсы шаралардың сақталуын бақылау және тексеру бойынша жүргізген сараптамасына сәйкес Атырауда карантиндік шектеулерді күшейту туралы шешім қабылданды.

Атап айтқанда, ойын-сауық, спорттық және басқа да көпшілік іс-шараларды өткізу, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер қызметін шектеу әлі де сақталады. Сондай-ақ, қаланың үлкен алаңдары мен саябақтарына (Исатай-Махамбет алаңы, Жеңіс паркі және Ретро-саябақ) баруға тыйым салу туралы шешім қабылданды.

Атырау бас мемлекеттік санитарлық дәрігері санитарлық нормалардың қатаң сақталуын еске салады. Ғимарат ішінде және көшеде, соның ішінде сауда орындарында, қоғамдық орындарда, қоғамдық көлік аялдамаларында және басқа адам көп жиналатын жерлерде, бір-бірінен кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.

Барлық жерде, соның ішінде қоғамдық көлікте бетпердесіз жүруге тыйым салынады.

Респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде медициналық ұйымдарға бармай, медициналық көмекке үйден жүгініп, 103 нөмірі бойынша жедел жәрдем шақыру қажет.

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21