Атырауда «Бақытты бала – бақытты ел» республикалық акциясы аталып өтті

Рейтинг: 0 / 5

Бүгін, 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күнінде Атыраудағы «Шаңырақ» отбасы үлгісіндегі балалар және жасөспірімдер ауылында «Бақытты бала – бақытты ел» республикалық акциясы ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Акция аясында балалар «Асфальттағы сурет», «Кім күшті? Кім епті?» спорттық сайыстарында бақ сынады. «Сурет шығармашылық студиясының» қолдаумен 14 өнерлі жас шеберліктерін шыңдады.

Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры жанынан құрылған қуыршақ театры «Ата мектебі» атты қойылымын ұсынып, кішкентай көрермендерін қуантты. Балаларға тәттілер мен балмұздақтар таратылып, мерекелік дастархан жайылды. Акция аясындағы іс-шара «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» эстафеталық жарысымен аяқталды.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика