Атырауда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

(0 Votes)

Атырау облысы әкімдігінің облыс халқына қол жетімді азық-түлік тауарларын ұсыну мақсатында жоспарланған "Аудан күндері" атты көрме-жәрмеңке аясында Атырау қаласында "ҚҰРМАНҒАЗЫ ауданы" күніне байланысты "Мұнайшы" спорт кешенінің алдында және "Сарайшық" базарында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтті.

Аталған жәрмеңкеге Азғыр ауылдық округінен "Дайнов У" шаруа қожалығы сиыр еті, Сүйіндік ауылдық округінен "Елеуов Ж" шаруа қожалығы сиыр еті, "Сүйіндік" ЖШС тірілей қой, Асан округінен "Гумаров С" ШҚ тірілей қой, "Құрманғазы" ӨК тірілей қой, Жаңаталап округінен "Төлегенов Е" ШҚ сиыр еті, Нұржау округінен "Алғаязов У" ШҚ сүт өнімдері және ауданнан балық аулаумен айналысатын "Амангелді" ӨК, "Сарсенбаев Е" ШҚ балық өнімдерін апарып халыққа қол жетімді бағада ұсынды.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT