Бүгін Атырау қаласында “AMANAT” партиясы Атырау облыстық филиалы жанындағы экономика,кәсіпкерлік және аграрлық секторды дамыту мәселелері бойынша аймақтық кеңестің кеңейтілген отырысы өткізілді.
Отырыста партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының шағын және орта бизнесті дамыту тармақтарының орындалысы және осы мәселеге байланысты өзге жайттар талқыланды. Кенеске партияның хатшысы Э.Жұмағазиев және ауыл шаруашылығы вице-министрі А.Бердалин, экология және табиғи ресурстар вице-министрі Н.Құрмалаев, индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі А.Бейспеков мен барлық деңгейдегі депутаттар қатысты. Аталған отырысқа ауданымыздын белсенді кәсіпкерлері Б.Кенжебаев және Е.Кубашев қатысты. Талданып отырған мәселелер бойынша кәсіпкерлер мен депутаттар өз сауалдарын министрлік адамдарына еркін форматта қойды.