Атырауда 34 мыңға жуық өтінім электронды форматта келіп түскен

(0 Votes)

2021 жылғы 1 шілдеден бастап өтініштерді тіркеу және олармен жұмыс Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес «Е-өтініш» бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы жаңа форматта жүргізілетіні белгілі.

2021 жылдың ІІ-жартыжылдығында «Е-өтініш» жүйесінде 11865 өтініш тіркелді, оның 11341-ы орындалды, 524-ы қаралуда. 2021 жылы ЖАО-ға келіп түскен өтініштердің жалпы саны – 33 961 құрады, 2020 жылдың ұқсас кезеңінде – 37 057, 8,3%-ға төмендегені байқалады.

Есепті кезеңде облыс бойынша барлық деңгейдегі әкімдермен  694 қабылдау ұйымдастырылып, 3123 азамат жеке қабылданды, оның ішінде 560 азаматтың мәселесі оң шешіліп, 2563 азаматқа заңға сәйкес түсінік берілді.

Облыс әкімдігі басшылығымен барлығы 341 азамат жеке қабылданды, оның ішінде 132 азаматқа облыс әкімінің жеке қабылдауы ұйымдастырылды. Қабылдау нәтижесімен 34 азаматтың мәселелері оң шешіліп, 307 азаматқа қабылдау кезінде заңға сәйкес түсінік берілді.

Сондай-ақ, әртүрлі мәселелермен облыс әкімдігінің фронт-кеңсесі арқылы 1477 азамат өтініш білдірді. Олардың:  тұрғын үй – 356, денсаулық – 233, әлеуметтік көмек – 60, білім – 161, жұмыспен қамту - 123,  жерді пайдалану - 69, жол салу – 19, кәсіпкерлік – 42, құрылыс – 19,  ономастика – 9, ауыл шаруашылығы – 19, қаржы - 10, тағы да басқа мәселелер бойынша – 357. Барлығына заң шеңберінде түсініктер берілді.

Фронт-кеңсеге келген азаматтардың өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыру мақсатында қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жасақталған меморандум аясында заңгерлік консультациялар мен психологиялық, медиаторлық көмектер көрсетілуде.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы әрі уақытылы қарау жергілікті атқарушы органдардағы басым бағыттардың бірі болып табылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521