"Атырау жолдары" көмекке келді

(0 Votes)

Биыл қар, жаңбырдың жылдық нормадан көп түсуiнен елiмiздiң, облысымыздың кейбір өңірлерiнде су тасқыны орын алып, адамдар өмiрiне қауiп төндірiп, материалдық шығындар әкелуде.

Бiздiң ауданымыз да өр суы көп келетін өңiрге жатады. Сондықтан Қиғаш, Шарон өзендері бойында орналасқан ауылдық округтерде бұзып-жарып өтетін дүлей тасқыннан қорғану жұмыстары жүргізілуде. Тасқын қаупi бар елдi мекендердiң бірі - Кудряшов ауылдық округі.

Мұнда су көп келген жылдары бөгетпен бiрдей болып лықылдап тұратынын талай мәрте көрдік. Жарып кетпес пе екен деп алаңдайтынбыз. Өр суы жылдағыдан мол келсе, қауiп бұл ауылды айналып өтпесi анық. Оның алдын алу бағытында қандай жұмыстар жасалуда?

-Қазiр бiзге 5 "Шахман" автокөлігі, 4 тиегiш трактормен "Атырау жолдары" ЖШС көмекке келді. Округтегі бөгеттің жалпы ұзындығы 14,55, нығайтатын жері 2,5 шақырым. Бұған дейін 4 мың қапқа тапсырыс берген едік, тағы 6 мың сұрап отырмын. Ауылдық округтегi мекемелер басшыларын, учаскелік полиция инспекторын кiргiзiп штаб құрып, ic-шара жоспарын жасақтап, жұмысымызды бастадық. Мамыр айына дейінгі тәулiктiк кезекшілік кестесі дайындалып, кiм қашан, қайда тұратыны нақтыланды. Су басу қаупi төнсе жаға бойындағы тұрғындар мектеп пен балабақшаға көшiрiледi,- дейді округ әкімi Эльмира Хайруллина.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT