Атырау жұрты ғасыр жасаған соғыс ардагері Айдын Айбаровпен қоштасты

(0 Votes)

Атырау жұрты ғасыр жасаған абыз ақсақал, Ұлы Отан соғысының ардагері Айдын Айбаровты ақтық сапарға шығарып салды.

Қаралы жиында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, ардагерлер алқасы атынан Атырау облысының Құрметті азаматы Есен Тасқынбаев, ұлы Марат Айбаров сөз сөйлеп, лебіздерін білдірді. Адами болмыс пен адамгершіліктің, қайтпас қайсарлық пен төзімділіктің, мұқалмас қайрат пен жігердің қайталанбас үлгісін көрсеткен абыз ақсақалдың отбасына алыс-жақыннан жеткен көңіл айту-жеделхаттары оқылды.

Ұлы Отан соғысының ардагері, Мемлекет және қоғам қайраткері Айдын Аққалиұлы 1921 жылғы 16 қазанда Атырау облысы Доссор кентінде дүниеге келген. Майданда ерлігімен көзге түсіп, бейбіт кезеңде еліне адал қызмет еткен ардагер ағаның еңбегі лайықты бағаланды. І дәрежелі «Отансоғысы», «Суворов», «Кутузов», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет» ордендерімен, көптеген медалдармен марапатталған.

Дәулетқали Аруев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521